«Еңіреп жылады»: жігітіне 2 млн теңге несие әперген бойжеткен алаяққа тап болғанын айтты (видео)

07.06.2019 19:37

Бойжеткен жігітімен былтыр мамыр айында танысқан

«7-арнадан» шығатын «Өз ойым» бағдарламасына Жұлдыз есімді бойжеткен жігітіне қалай несие әперіп, алданып қалғанын айтты.

Екі жас былтыр мамыр айында танысқан.

«Жақсы көргендігімнен шығар, алаяқ деп мүлдем ойлаған жоқпын. Ол: «Жұмысымда қиындықтар шығып қалды, несие алып берші», – деді. Егер ақшаны уақытында берсе, неге көмектеспеске деп ойладым. Оның үстіне екеуміз күзде үйленгелі жүргенбіз. Сондықтан оған сендім де, 2 млн теңге алып бердім», – дейді Жұлдыз Айтбекқызы.

Онымен қоймай, жігіт аянышты көріну үшін анасынан айрылып қалғанын айтқан. Оны естіген болашақ енесі жігітті көңіл шайға шақырған, тіпті сол жерде ол еңіреп тұрып жыласа керек.