Ол өзін төл мерекесімен құттықтаған барша жұртқа алғыс білдірді
Мәжіліс депутаты Тілектес Адамбеков туған күнін Меккеде қарсы алды. Бұл туралы депутат өзінің Ғacebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ол төл мерекесімен құттықтаған барша жұртқа алғыс білдірді.
«Бүгін – менің туған күнім. Өзімнің 33 жасымды дүние жүзіндегі ең қасиетті мекенде қарсы алудамын. Өмір жолымда өз білімін, тәжірибесін бөліскен, жылы сөзімен қолдау білдірген жанның бәріне алғыс айтамын! Құттықтауларыңызға көп-көп рахмет!» – деп жазды жас депутат.