|
18.11.2020 | 14:37
4502

Полиция киімін заңсыз пайдаланған блогер жауапқа тартылды

Сюжет бойынша полиция қызметкерінің нысанды киім-кешегін киген жас жігіт жауапкершіліктен жалтару тәсілі ретінде өтіп бара жатқан адамдарды өзімен бірге ТикТок билеуге шақырады

Полиция киімін заңсыз пайдаланған блогер жауапқа тартылды стоп-кадр

Алматылық азамат полиция қызметкерінің нысанды киімін заңсыз кигені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаментінің арнайы тобы әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында ішкі істер органдары қызметкерінің нысанды киім-кешегін заңсыз пайдалану фактісін анықтады.


Сюжет бойынша полиция қызметкерінің нысанды киім-кешегін киген жас жігіт жауапкершіліктен жалтару тәсілі ретінде өтіп бара жатқан адамдарды өзімен бірге ТикТок билеуге шақырады. 

Бұл факт бойынша Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі құқық бұзушының жеке басын анықтап, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабымен (Айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир