Үш өңірде фермерлерге электронды жүйеде несие беріледі

elements.envato.com
elements.envato.com
Жаңа форматта қаржыландыру жобасы енгізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үш өңірде фермерлерді электронды форматта несиелеу бойынша "Ауыл аманаты" пилоттық жобасы енгізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметтің тапсырмасы бойынша Қазақстанның үш өңірінде "Ауыл аманаты" атты электрондық форматта ауыл тұрғындарына несие беру бойынша пилоттық жоба басталды. Бұған дейін ауыл тұрғындарына несиеберу "Қолдау" платформасы арқылы ақылы жүргізілді.

Бұдан басқа, мал шаруашылығын қадағалау бөлігінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасына 6 қосымша сервис қосылды, бұл мал шаруашылығы саласында "туғаннан союға дейін" толық қадағалауды қамтамасыз етеді.

Осылайша, электронды форматта жануарға жеке нөмір тіркеуге және беруге, профилактикалық шаралар жүргізуге, жануардың қозғалу процесін және карантинде болуын көруге, жануарларды союға жіберуге болады. Қазіргі уақытта ветеринария мен бақылау жұмыстарына көмектесетін қызметтер енгізілуде.

АШМ "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-да бірыңғай көлік базасын біріктіруге және құруға қол жеткізді. Қазіргі уақытта Алматы облысында пилоттық жоба жүргізілуде, онда ауыл шаруашылығы техникасы бойынша мәмілелер әкімдіктерде емес, «Бірыңғай терезе» шеңберінде арнайы ХҚКО-да жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Арзан несие: ауыл тұрғындары енді төл бизнесін аша алады

Новости партнеров