Биыл қазақстандықтар үшін ұзақ демалыс күндері сирек болады
2023 жылы қазақстандықтар үшін ұзақ демалыс күндері сирек болады. Мысалы Жаңа жыл мейрамында небәрі 3 күн демалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Биылғы Рождество сенбіге келеді. Дегенмен мереке демалыс күніне түссе де, басқа күнге ауыстырылмайды.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні сәрсенбі күніне түседі. Бұл күні 1 күн демалыс болады.
Наурыз мейрамын тойлауға 3 күн демалыс беріледі. Ол сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндеріне сәйкес келеді. Яғни қазақстандықтар 21, 22 және 23 наурыз күндері демалады.
Ал мамыр айында 3 мерекені қатар тойлайды. Сәйкесінше 4 демалыс күнін атап өтеді:
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, жексенбіге түсіп, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша екі күн демалады.
9 мамыр – Жеңіс күні, сейсенбіге сәйкес келеді.
2023 жылы Құрбан айт сәрсенбіге сәйкес келеді. Биыл 28 маусымда демалады.
Қазақстанда 2023 жылы демалыс күндерін ауыстыруға байланысты 6 шілдеде Астана күніне 4 күн демалыс жоспарланған. 6 және 7 шілде, содан кейін тағы 2 күн – сенбі және жексенбі. Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.
30 тамызда бір күн демалыс. Конституция күні биыл сәрсенбіге сәйкес келеді.
25 қазан – Республика күні, қазақстандықтар бір күн демалады, сәрсенбіге келеді.
Желтоқсан айында Тәуелсіздік күні – 3 күн демалыс болады: 16, 17 және 18 желтоқсан (демалыс күнінің кейінге шегерілуіне байланысты).