Энергетикалық санаты – 8,2.
Алматыдан батысқа қарай 29 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.
«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 27 қазан күні Алматы уақытымен 12 сағат 14 минут 05 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 29 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8,2. MPV тербелісі – 3,6. Тереңдігі – 15 шақырым.
Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.