Жаңа қызметке отырған Данияр Мейірханды көпшілік арасында танымал полицей
Жұртшылық арасында «Дима» есімімен танылған Данияр Мейірхан Түркістан қалалық полиция басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңа қызметке отырған Данияр Мейірханды көпшілік арасында танымал полицей деуге негіз бар.
Мәселен оның достары мен ағалары арқылы шешкісі келетін көлік жүргізушілеріне айтқан кеңесі қызу талқыға түскен болатын.
«Полицейлердің бейнежетондары енді үздіксіз түсіретін болады... Сіздерге кеңесім: егер сізді ЖҚЕ бұзғаныңыз үшін тоқтатқан болса, «досыңызға қоңырау» соғып, келісуге тырыспаңыз. Жаңа құрылғылар дауысты өте сапалы жазып алады», - деп жазды ол желі парақшасында.
Сонымен Данияр Мейірхан Шымкент қалалық Жергілікті полиция қызметіне басшы болып келе сала терезелері күңгірттелген «дөкейлердің» қымбат көліктеріне тазарту жұмыстарын жүргізді, деп жазды nur.kz.
Сондай-ақ, тәртіп сақшысы балаларын «полиция шақырамын» деп қорқытатын ата-аналарға ренішін жеткізіп, полиция қызметкерлерін қатал жазалаушыға теңемеуге шақырған.