Семейде екі жастағы бала 9-қабаттың терезесінен құлап кетті

01.08.2024 19:38

Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр

Almaty.tv

Семейде 2 жастағы бала 9-қабаттың терезесінен құлап кетті. Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

ТЖМ тағы да еске салады:

бөлмеден шыққанда, терезені ашық қалдырмаңыз;

терезелерге блокаторларды орнатыңыз;

терезелердің жанына дивандар мен орындықтарды қоймаңыз;

москит торлары құлап кетуден сақтамайды.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да 3 жасартағы бала терезеден құлап кетті