Іс-шараның негізгі мақсаты да осы – репрессия зардабын ұмытпай, Алаш қайраткерлерін арда тұту
Алатау ауданында да саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған арнайы іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қатысушылар зұлмат жылдардан сыр шертетін «Қандысай» белгітасына жиналып, ата-баба рухына тағзым етті. Іс-шараның негізгі мақсаты да осы – репрессия зардабын ұмытпай, Алаш қайраткерлерін арда тұту.
«Өзімнің туған аталарым Темірбек Жүргенов, Ұзақбай Құлымбетовтер осы жерде жатыр. Олардың кім болғанын өздеріңіз білесіздер. Сондықтан біз жылдағы дәстүр бойынша осында келіп, тағзым етеміз», – деді Алатау аудандық «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлан Сүйін.