Маңғыстауда қылмыстық топ 90 млн теңгені жоқ қылған

31.10.2019 19:39

Күдікке ілінген бес адам уақытша тергеу изоляторына қамалып жатыр

Олар өңірдегі тұтынушылардан электр қуаты үшін қаражат жинау кезінде мемлекетке 90 млн теңгеден аса  шығын келтірді деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестітерінде лауазымды қызметтерді атқарған күдіктілерге Қылмыстық кодекстің 262-бабы, яғни қылмыстық топ құрды және қатысты, сондай-ақ аталған алаяқтық жасады деген айып тағылды. Күдікке ілінген бес адам уақытша тергеу изоляторына қамалып, сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.