Бүгін таңда Алматыда 3 рет жер сілкінді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сейсмикалық зерттеулер орталығы сағат 07:14 минут кеткенде бірінші, 8:00-де екіншісі, ал жарты сағат өткенде үшіншісі дүмпу тіркеді. Бірақ мұның біреуі де сезілген жоқ. Бұл дүмпулерге себеп болған зілзала ошағы Қытай аумағында орналасқан. Сейсмологтар афтершоктардан қауіп жоқ деп сендірді.
Айта кетсек, мұның алдындағы дірілдер өткен түнде ғана тіркелді. Алматы мен Талғар қалаларында 2 балдық жер сілкінісі сезілді.
– Сілкініс ахуалын анықтау бағыты бойынша сейсмологтар классикалық әдіс негізінде жұмыс істейді. 1929-30 жылдары ашылған бекеттерде қойылған сейсмикалық стансалар толық алмастырылып, заманауи бекет жұмыс істейді, – деді «Сейсмология институты» ЖШС директорының ғылым жөніндегі орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков.
Оқи отырыңыз: Жер сілкінісі Алматы облысы бойынша 44 нысанға зақым келтірген