Ішкі істер министрлігі жан-жануарларға қатігездік таныту оқиғалары жайлы деректерді бөлісіп, мұндай бұзақылардың портретін сипаттап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ведомствоның еске салуынша, Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң қабылданғаннан кейін, яғни 2022 жылы ғана жануарларға қатігездік танытқандарға әкімшілік жауапкершілік енгізілді.
«Жыл басынан бері ішкі істер органдары ӘҚБтК 407-1-бабы бойынша жауарларға қатігездік танытқаны үшін — 79, ал 2023 жылы — 213, 2022 жылы — 2019 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты», — деп атап өтті министрліктен редакцияның ресми сауалына орай.
Биыл мұндай құқықбұзушылықтың ең көбі (17) Шығыс Қазақстан облысында тіркеліп отыр.
«Соңғы 2,5 жылда мұндай қылмысқа бой алдырған тұлғаларды талдау әдетте оны 30-дан 39 жасқа дейінгі еркектердің жасайтынын көрсетті. Олар — орта және орта арнаулы білім бар, спирттік ішімдікке құмар, бұрын сотталған жұмыссыздар», — деді ведомстводан.