Арыста үш жігіт қызды күштеп алып қашқан (видео)
Куәгерлер жігіттерге қарсылық көрсетпек болған, алайда алып қашқандардың бірі куәгерді құлатып түсіреді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысы Арыс қаласында қыз алып қашқандар видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Куәгерлердің видеосы Instagram желісіндегі v.shymkente парақшасында жарияланды. Үш жігіт қызды автомобильге күштеп отырғызған. Куәгерлер жігіттерге қарсылық көрсетпек болған, алайда алып қашқандардың бірі куәгерді құлатып түсіреді.
Түркістан облыстық Полиция департаменті өкілдері оқиғаның Арыста 23 желтоқсанда болғанын хабарлады. Ер адам қызды үйлену үшін алып қашқан.
Қыздың анасы арыз түсіріп, "Адам ұрлау" дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр екен. Ал қыз алып қашқан жігітке қарсы болып, қазіргі уақытта үйіне оралған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10