Президент Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады

31.01.2022 19:40

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барады.

Сонымен қатар сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған», деп жазды Берік Уәли.