Алматы хайуанаттар бағы қалай өзгереді

15.05.2023 19:41

Іс-шараға Германия, Қытай, Малайзия, Түркия, Швеция, Бразилия, Әзербайжан сынды елдерден 162 маман қатысты

Алматы хайуанаттар бағы қалай өзгереді
Almaty.tv

Алматы хайуанаттар бағы жаңаша түрленеді. Қосымша бөлімдер ашылып, жануарларға қолайлы жағдай жасалады. Бұл туралы Еуро-Азия өңірлік хайуанаттар мен аквариумдар қауымдастығының халықаралық конференциясында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға Германия, Қытай, Малайзия, Түркия, Швеция, Бразилия, Әзербайжан сынды елдерден 162 маман қатысып жатыр. Олар хайуанаттарды күтіп-баптау сынды тақырыпты арқау етті. Үш күнге жалғасқан конференция бүгін аяқталады.

– Биыл зообақтың кіреберісі, кассасын түбегейлі өзгертеміз деп отырмыз. Жылдың соңына дейін жоба бітсе, келер жылы құрылыс басталады. 2030 жылға дейін 70 пайыз өзгеріс болады. Сондай-ақ зообақтар бір-бірімен меморандум жасайды, олар өзара жануарларды ауыстыруға келіссөз жүргізеді, – деді Алматы хайуанаттар бағының директоры Сейілхан Ақылбеков.