Атырау облысында қарақұрт шаққан адам саны 16-ға жетті

12.07.2024 20:31

Эпидемиологтар сақ болуға шақырады

Фото: Victor Glutsenko

Атырау облысында қарақұрт шаққан адам саны 16-ға жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мамандардың айтуынша, зардап шеккендердің дені - балалар. Абырой болғанда, ауруханаға түскен науқастың барлығы тиісті ем-домын алып, үйлеріне жіберілді. Қазір олардың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. 

Өкініштісі, өрмекші тәрізді зиянкес төрт-түлікке шауып жатыр. Бүгінге дейін өңірдегі 180 ойсылқараға зиян келген екен. Сондықтан эпидемиологтар қарақұрт шаққан кезде бірден медициналық көмекке жүгінген абзал дейді.

- Жер үйде тұратын адамдаға ерекше ескерту. Бау-бақшаны тазалағанда дене терісін толықтай жабатын киім, қолғап киіп тазалауды ұсынамыз. Сыртта аяқ киімдері қалса ішін міндетті түрде қағып, жәндіктің жоқтығына көз жеткізу керек. Тыстан үйге келгенде киімдерін қарап, оған қарақұрт енген жоқ па, соларға мән беріп, қарауға кеңес береміз, - дәрігер-эпидемиолог Руслан Қайыржанов.

Оқи отырыңыз: Қарақұрт шаққан атыраулық жасөспірімдер ауруханадан шықты