35 мың теңге параны ол әскери куәлік пен әскери тіркеу туралы анықтама үшін алған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, Рысқұлов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы 35 мың теңге параны әскери куәлік пен әскери тіркеу туралы анықтаманы бергені үшін алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Күдіктіні процессуалдық ұстау және қорғаушының жедел сотқа дейінгі тергеу жүргізу туралы өтінішіне байланысты қолданылған жоқ. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысына қатысты түпкілікті шешімді сот шығаратын болады.