Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев қала әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бірге қаланың ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Президенттің ел халқына Жолдауы. Мемлекеттік хатшы Қ. Көшербаев және шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, болашақ жетістіктеріміздің негізінде жатқан құндылықтарды дамыту мәселелерін талқыладық. Бұл – еңбекқорлық, білімнің ашықтығы және денсаулық», – деп жазады қала әкімі.
Президенттің ел халқына Жолдауы. Мемлекеттік хатшы Қ. Көшербаев және шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, болашақ жетістіктеріміздің негізінде жатқан құндылықтарды дамыту мәселелерін талқыладық. Бұл еңбекқорлық, білімнің ашықтығы және денсаулық. pic.twitter.com/zxh84Actun
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) September 4, 2020