2018 жылы 3820 адам антирабикалық вакцина салдырған
ШҚО-да үш мыңнан астам адамды ит қауып алған, деп хабарлайды Алтайньюс.
Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің ақпаратына сүйенсек, 2018 жылы 3820 адам антирабикалық вакцина, яғни құтыруға қарсы вакцина салдырған екен. Солардың 3258-ін ит қауып алған. Қалғандарына иттің сілекейі жұққан немесе аздаған жарақат келтірген.
Ал жаңа жыл басталғалы мұндай вакцинаны 250 адам салдырыпты.
Бір қуантарлығы, ешкім жаман ауруға шалдықпаған.
Департамент қызметкерлері үй жануарларынан да ауру жұғатындығын ескертеді. Сілекейі жұқса, қауып алса немесе аздаған жарақат келтірсе, дереу дәрігерге қаралыңыз.