«AMANAT» партиясының кезектен тыс съезі 7 ақпанда өтеді

31.01.2023 19:42

Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады

amanatpartiasy.kz

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов партияның кезектен тыс XXV Съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды. Съезд 7 ақпанда Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Осыған орай партияның Орталық аппараты өңірлік филиалдармен бірге дайындық жұмысын бастады.


Теги: партия AMANAT