Халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндері қалай жұмыс істейді

14.12.2023 19:42

Кезекші орталықтар азаматтарды қабылдайды

Сурет:

Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 16 желтоқсанда халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Дүйсенбі 18 желтоқсанда сағат 9:00 -13:00-ге дейін тек кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды қабылдайды.

Ал 19 желтоқсаннан бастап ХҚКО мен арнайы ХҚО әдеттегідей жұмыс істейді.

Бұған дейін қазақстандықтардың 2023 жылдың желтоқсанында қанша күн демалатыны белгілі болған еді.

Оқи отырыңыз: Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады

Теги: мереке