Полиция лифтінің есігін сындырмақ болған алматылықтың видеосын жариялады
кадр из видео
Алматы полициясы бұл факт бойынша «102» пультіне ешқандай хабарлама түспегенін мәлім етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы полициясы тұрғын үй кешендердің бірінде лифтінің есігі мен батырмасын теуіп сындырмақ болған бұзақыны іздейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлеуметтік желілерде ер адамның лифтінің есігі мен батырмасын теуіп жатқан видеосы пайда болды . Онда оқиға Наурызбай ауданындағы «Премьера» ТК-де болғандығы айтылады. Өз кезегінде Алматы полициясы бұл факт бойынша «102» пультіне ешқандай хабарлама түспегенін мәлім етті.
«Соған қарамастан, кешеден бері Наурызбай аудандық полиция басқармасы бұл фактіні тексеріп жатыр. Алдымен ер адамның кім екенін анықтайды. Алдын ала болжам бойынша, ол осы үйде тұрады. Біз оны әкімшілік жауапкершілікке тартамыз», – деп жауап берді полиция.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45