Саяси додада 66 кандидат бақ сынайды
Елімізде 14 қаңтар күні өтетін Сенат сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Саяси додада 66 кандидат бақ сынайды. Олардың арасында 20 әйел бар. 63 адам өзін өзі ұсынған үміткер. Ең жасы 31-де. Орталық сайлау комиссиясының ақпарына сәйкес, өңірлер арасында ең көп кандидат Алматы қаласы мен Жамбыл облысынан бес адамнан тіркелген. Одан кейін көшті Түркістан, Абай облысы бастап тұр. Жалпы еліміз бойынша жоғары палатаның 20 орнына 130-дан аса депутат ұсынылған. Айта кетсек, кандидаттарды тіркеу мен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 24 желтоқсанда басталды. Оны өткізуге 19 күн беріліп отыр.