|
28.11.2023 | 18:26
2446

LRT құрылысын аяқтау үшін тағы 150 млрд теңге керек

Аспалы жолды салуға келесі жылы тағы 45 млрд теңге қарастырылады

LRT құрылысын аяқтау үшін тағы 150 млрд теңге керек Almaty.tv

LRT құрылысын аяқтау үшін тағы 150 млрд теңге керек. Жүрісі жеңіл болғанмен, жолы ауыр жобаны аяқтауға қаражат жетпей жатқан көрінеді. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл LRT құрылысына 52 млрд теңге бөлінген. Аспалы жолды салуға келесі жылы тағы 45 млрд теңге қарастырылады.

Айта кетсек, ЛРТ-ның жалпы ұзындығы 22,4 шақырым. Жеңіл рельсті трамвай желісі бұл жолы сәтті аяқталса, бас қаладағы әуежай мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалын байланыстырмақ. Бұл іске қытайлық компания тартылған.

– Келесі жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыру үшін шамамен 45 млрд теңге бюджеттік қаражатты талқылап жатырмыз. Қазір 1500 адам жұмыс істеп жатыр. Жұмыс көлемі арта түссе, құрылыс-монтаж жұмыстарын жеделдете алса, қосымша 150 миллиард теңге сұраймыз. Бірақ нысан 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған, – деді ҚР көлік министрі Марат Қарабаев.

Оқи отырыңыз: Биыл ақылы жолдан қанша ақша жиналды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир