Атырауда жол ережесін жиі бұзатын, 3 миллион теңгеден астам айыппұлды арқалап жүрген 77 шетелдік көліктің иесі табылды. Оның 56-сы – Ресейден, 19-ы Армениядан әкелінген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазір жауапкершілікке тартылғандардың темір тұлпары арнайы тұрақта тұр. Соңғы он бес күннің ішінде өзге елдің көліктері 1 мыңға жуық ереже бұзған.
«Әлеуметтік желілерде көбінесе, тұрғындар тарапынан шетелдік автокөліктерге қатысты, олардың жол ережесіне бағынбайтыны туралы арыз шағымдар келіп түседі. Басым көпшілігі – жол ережелерін бұзу фактілері, қауіпсіздік белгісін тақпау, жылдамдықты асыру, жаяу жүргіншілерге жол бермеу. Үш жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін сот шешімен көлік басқару құқынан 7 жыл мерзімге айырылды», – деді ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.