Биыл 1500-ден астам талапкер қазақстандық ЖОО грантынан бас тартты

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz
Енді ол гранттар жазда балы жетпей қалған талапкерлер арасында таратылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1500-ден астам талапкер Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы грантынан бас тартты. Енді ол гранттар жазда грант алу үшін ұпайы аз адамдар арасында таратылады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Иегерлері бас тартқан гранттар қайтадан Білім және ғылым министрлігіне келіп түседі және республикалық конкурстық комиссияның шешімімен балл бойынша келесі талапкерлерге беріледі.

Атап айтар болсақ, биыл бакалавриат бағдарламасы бойынша 1502 адам, магистратура бағдарламасы бойынша 32 адам гранттан бас тартқан. Бұл ретте Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті көш бастап тұр. Одан кейін С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, академик Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің талапкерлері конкурспен жеңген гранттарын пайдаланбаған.  

Новости партнеров