15 мамырда Атырау облысында тағы 50 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойламақ
Мамыр айында Қазақстан бойынша 1200 көпбалалы отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды
Almaty.tv тілшісі.
Алғашқы күні-ақ республика бойынша 249 көпбалалы отбасы пәтерге ие болды. Ал, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында - 24, Шымкентте - 15, Павлодар облысында - 76 пәтер берілді. Сонымен қатар, Қарағанды облысында - 27, Ақтөбеде - 25, Алматы облысында - 20, Маңғыстауда - 18, Жамбыл облысында - 17, Шығыс Қазақстан облысында - 11, Батыс Қазақстан облысында - 10, Ақмола облысында - 6 көпбалалы отбасына пәтер кілті табысталды.
Сондай-ақ 15 мамырда Атырау облысында тағы 50 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойламақ.