Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қостанайда 50-ден астам гүлзарды талқандаған вандал ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол мас күйде Абай-Павлов көшелерінің қиылысында арнайы ыдысқа отырғызылған гүлдерді лақтырған. Күдікті 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Оны полиция қызметкерлері келесі көшеде ұстады. Вандал дүкенге кіріп, есікті әдейі зақымдап үлгерген. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Ол бірден төрт факт бойынша жазаға тартылады. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін, гүлзарлар мен дүкен есіктерін қасақана бүлдіргені және ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылады», - деп хабарлады ПД.
Оқи отырыңыз: Түрмеде отырған актер Асқар Жұмабек кәсіп бастады