|
12.11.2019 | 14:43
1844

Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйелдің анасы бар шындықты айтты

16 жыл бірге тұрған отбасы соңғы кезде мемлекеттің ақшасына өмір сүріп келген

Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйелдің анасы бар шындықты айтты

Нұр-Сұлтанда күйеуі бензин құйып өртеп жіберген әйелдің анасы мән-жайды айтты. Ол кісінің айтуынша, күйеуі бұл қылмысқа қызғаныштан бармаған.

Айта кетейік, елордада күйеуі үстіне бензин құйып өртеген әйел көз жұмды. 

Марқұм әйелдің анасы күйеу баласының қылмысқа қызғаныш әсерінен ғана емес, жәрдемақы үшін барғанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz

«Олар елордаға келіп, тіркеуге тұрды. Сол кезде 21 мың теңге атаулы көмек шықпай қалды. Жарты жылдан бері 6 балаға қарап отырмын. Қалай жұмыс істеймін дейді. Оған қатаң жаза берсін. 20 жылдан да көп үкім кессін. Әділеті - сол», - деді Дәмегүл Қашағанова. 

16 жыл бірге тұрған отбасы соңғы кезде мемлекеттің ақшасына өмір сүріп келген. Балалардың тұңғышы 16 жаста. Кенжесі 4 жаста.  Олар қазір әкесінің туыстарының қолында.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир