Қызылордадағы жөнделген жолдардың сапасы сын көтермейді

Almaty.tv
Almaty.tv
Ата-аналар балаларын мектепке жіберуге қорқып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордада бірнеше көшеде жөндеу жүріп, жылу құбырлары жаңғыртылып жатыр. Дегенмен қазылған құбырдан кейін жөнделген жолдардың сапасы сын көтермейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көшедегі ойдым-ойдым асфальт қозғалысқа қиындық туғызып қана қоймай, тұрғындарды балалардың қауіпсіздігі үшін алаңдауға мәжбүр еткен. Опырылған асфальт бетіндегі жабындыдан көшелер де ой-шұқырға айналған. Солардың бірі – қала орталығындағы Қыдыров көшесі. Мөлтек ауданда кәріз жүйесі мен ауыз су құбыры ауыстырылғаннан кейінгі жолдың сиқы осы. Ал ата-аналар балаларын мектепке жіберуге қорқып отыр.  

– Былтыр көшені төрт рет қазды. Төртеуін де дұрыс істемей кетті. Жартылай істейді де, жартылай қалдырады. Шаң, балалардың денсаулығына зиян, – деді қала тұрғыны Алмагүл Мырзағалиева.

Қаладағы сапасы сын көтермейтін бірқатар көшеге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мен қоғам белсенділері мониторинг жүргізді. Анықталған кемшіліктер бойынша салаға жауапты мамандарға сын-ескертпее берілген. Азаматтар қаладағы мұндай көшелерді бақылауда ұстамақ.

– Ойық пайда болған шұңқыр жерлер бар. Оны мердігер есебінен келісімшартта кепілдік мерзімі 24 ай  қаралған. Соған сәйкес, ескертпе бердік. Қаланың орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелердің тізімінде Қыдыров көшесі де бар, – деді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Жеңісбек Файзуллаев.

Новости партнеров