Байғали Есенәлиев: Наурыз ұлттық болмысымыздың қайта қалыптасуына үлкен көмегін тигізді

15.03.2024 19:45
Almaty.tv

"Наурыз ұлттық болмысымыздың қайта қалыптасуына үлкен көмегін тигізді". Осылай деген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Байғали Есенәлиев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Байғали Есенәлиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер: Наурыздың мән-мағынасы, маңызы, жер бетіндегі ынтымақ үшін, адамзат баласы үшін өте зор. Наурыз біздің ұлттық болмысымыздың қайта қалыптасуына үлкен көмегін тигізді. Наурызда жанымыз жаңарсын, пейіліміз жаңарсын. Өткенге өкпе болатын болса, өткен жылдардың қиындығы болатын болса, бәрі сол өткеннің еншісінде қалып, жаңа жылға жаңа екпінмен қадам басайық!" - деді Байғали Есенәлиев.