Бейбіт Шүменов Америкада іздестіріліп жатыр

08.08.2023 19:45

Тараптар татуласуы да мүмкін

yandex.kz

Бейбіт Шүменов Америкада іздестіріліп жатыр. Ішкі Істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, ол АҚШ-та болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство басшысы спортшыға іздеу жарияланғанын және тергеу жүргізіліп жатқанын алға тартты. Бейбіт Шүменовтің жеңіл жазамен құтылуы да ықтимал екен.

АҚШ-та болуы мүмкін. Қазір жеке нұсқау жіберілді, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тараптар татуласуы да мүмкін. Себебі бұл – орташа ауырлықтағы қылмыс, – деді ҚР ІІМ Марат Ахметжанов.  

Айта кетейін, Қазақстандық бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов Астанадағы сауда орталығындағы төбелестен кейін іздестіріліп жатыр. Оқиға 18 маусымда болған. Алайда оның қолында баласы бар ер адамға шабуыл жасағаны түсіп қалған бейнежазбаның әлеуметтік желіде тарап кеткенінен кейін ғана бұл жағдай қоғамның наразылығын тудырған еді.

Сондай-ақ Бейбіт Шүменов 2 жылға сотталуы мүмкін екенін жазған едік.