Еліміздегі 15 ірі құрылыс компаниясы пәтер құнын негізсіз көтерген

inbusiness.kz
inbusiness.kz
Әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздегі 15 ірі құрылыс компаниясы пәтер құнын 20 пайызға шарықтатқан. Баспана бағасын негізсіз өсірген олардың 14-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тағы біреуіне қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ақпарынша, заң бұзған мердігер мекемелердің тағы бір тобы Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында да тіркелген. Агенттік тарапынан оларға 10 млн теңге айыппұл салынды.

«15 компанияның 14-і ғана баяғы ескі бағаға қайтып келеді. Біреуі қаперге алмайды бұл мәселені. Сол үшін қазіргі кезде біздің агенттік тарапынан тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Ал 10 млн теңге айыппұлға қатысты айтар болсақ, агенттік тарапынан тиісті ақпаратты уақытылы құрылыс компаниялары дұрыс бермеген», – деді ҚР Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігінің ресми өкілі Нұржан Садырбай.

Новости партнеров