Көлік жүргізу үшін енді медициналық сақтандыру енгізілуі мүмкін

24.02.2024 19:45

Халық медициналық сақтандыру жүйесіне саналы түрде келуі керек

elements.envato.com

Шенеуніктер халықты міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне шақырудың басқа жолын қарастырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Былтыр қазанда ведомство басшысы  өзін-өзі жұмыспен қамтитын және жұмыссыз үш миллион азаматты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ақша аударуға мәжбүрлеу, әйтпесе көлік жүргізуге қажет медициналық анықтама беруден бас тарту жоспары туралы айтқан.

Министрліктің баспасөз қызметі сол кезде дәрігерлер заңнаманы өзгерту бойынша ұсыныстар дайындайды деп уәде берді.

Бүгін баспасөз конференциясында журналистер министрден медициналық сақтандыруы жоқ жүргізушілерге қашан тосқауыл қойылатынын сұрады.

- Халық медициналық сақтандыру жүйесіне саналы түрде келуі керек деп есептеймін. Ол үшін медициналық қызмет сапасын арттыру, шығынды ашық көрсету және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты бүгін айтылған қадамдар биыл жасалатын болады. Әзірге мәселені басқа жолмен реттеу және жұртты сақтандыру жүйесіне басқа әдістермен тарту қарастырылып жатқан жоқ, – деп жауап берді Ақмарал Әлназарова.

Оның жауабындағы "әзірге" деген сөзге мән беру керек сияқты. Өткен жолы министрдің тыйым салу туралы мәлімдемесі жерлестеріміздің наразылығын тудырды, шенеуніктер бір-екі жылдан кейін бұған қайта оралуы мүмкін. Оған дейін адамдар өз еркімен сақтандыру алу үшін денсаулық сақтау жүйесін жетілдірген дұрыс.

Оқи отырыңыз: Алматыда уақытша бірнеше көше жабылады