Бөтелкелеп су тасып жүр: Тоқаев үкіметке мәселені тез арада шешуді тапсырды
Нұра өзені арнасынан тасып, елорда іргесіндегі Қосшы ауылының тұрғындары ауыз сусыз қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы ауылының тұрғындарын тез арада ауыз сумен қамтуды тапсырды.
«Үкімет пен Ақмола облысының әкіміне Қосшы ауылының тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін тез арада шешуді тапсырдым. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін жүйелі инфрақұрылымдық проблема»,- деп жазды президент твиттердегі аккаунтында.
Айта кетсек, отандық телеарналардың бірі Нұр-Сұлтан іргесіндегі Қосшы ауылының 25 мың тұрғыны ауыз сусыз отырғанын хабарлаған еді.
Белгілі болғандай, Нұра өзені арнасынан тасып, салдарынан су жиналған ұңғымаларды басып қалған. Қазір Қосшы ауылының тұрғындары үйлеріне бөтелкелеп су тасуға мәжбүр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00
Кешкі асты сағат қаншада ішкен дұрыс
11.10.2026 16:59