Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында мектептен қашып кетпек болған 5-сынып оқушысы биіктен құлап кете жаздады. Ол мектептің екінші қабатының терезесі арқылы шықпақ болып, ілініп қалыпты.
Life Shot телеграм-арнасының мәліметінше, оқушы терезенің ернеуіне ілініп қалған, деп хабарлайды Stan.kz.
Артынша оған сыныптастары көмекке асығып, қолынан ұстап тұрды. Осы кезде мұғалімдердің бірі келіп, оның қолынан тартып, ғимаратқа кіргізіп алды.