Алматыдағы су айдындарында қауіпсіздік күшейтілді

23.05.2023 19:46

Қалада 44 су қоймасы бар

Almaty.tv

Жаз таяған шақта құтқарушылар су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейтті. Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында олар тәртіп сақшыларымен бірлесіп рейд жүргізбек, деп хабарлайды Almaty.tv.

ТЖД дерегінше, былтыр қаладағы су айдындарында адам өлімі тіркелмеген. Он жеті тұрғын құтқарылып, қоғамдық тәртіп бұзған 63 адамға айыппұл салынған. Айта кетсек, Алматыда қазір 44 су қоймасы бар.

– Алматыдағы 44 су қоймасының ішінде көлі де, өзені де бар. Оның ішінде 12 көл шомылуға қауіпті саналады. 2022 жылы профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде қайғылы жағдайдың алдын алдық. Сондықтан биыл да сондай іс-шараны асқан жауапкершілікпен өткіземіз. Айта кетсек, былтыр 6 бала құтқарылған. Сондықтан ата-аналардың жауапкершілік танытқаны маңызды, – деді ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Әнуар Юсупов.