|
21.03.2023 | 14:47
489

Жанар Айжанова алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Жанар Айжанова алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады Almaty.tv

Көптен күткен, асыға жеткен Наурыз мейрамымен қазақстандықтарды өнер майталмандары да құттықтады. Игі тілек айтқан танымал әнші Жанар Айжанова «тарихта қоян жылы негізінен елге жайлы жыл болған. Биыл да аппақ қояндай, дастарханымыз аққа толып, көптің көңілі ағарып, халқымыз мамыражай күн кешсін» деген жылы лебізін білдірді, - деп хабарлайды Almaty.tv.

«Баяғыда үлкен кісілер «қоян жылы елге жайлы қуаңшылық болмайды, қыста кәдімгідей ақ көрпеге орап тастайды қармен, ал жазда молшылық болады» деп айтып жататын еді. Лайым солай болсын! Қоян жылы елге жайлы жыл болсын! Қуаңшылық, жоқшылық, соғыс болмасын! Ел тарықпасын, ешкім қамықпасын! Аппақ қоян жылы берекесін берсін. Еліміз бақытты елдердің қатарынан көріне берсін!», – деді әнші, актриса Жанар Айжанова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир