Қатерлі ісікпен ауыратынын айтып бірнеше әйелді алдап кеткен алаяқ ұсталды

Қатерлі ісікпен ауыратынын айтып бірнеше әйелді алдап кеткен алаяқ ұсталды
Полицейлердің айтуынша, зардап шеккендер бұдан көп болуы да мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында полицейлер бірнеше алаяқтық ісі бойынша күдікке ілінген 26 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды Тengrinews.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

15 шақты әйел мен екі ер адам Талғар аудандық полициясына арыз берген. Полицейлердің айтуынша, алаяқтың кесірінен зардап шеккендер көп болуы мүмкін.

«Күдікті Түркістан облысының 26 жастағы тумасы пробациялық бақылауды бұзғаны үшін іздеуде жүрген. Ол бұрындары да алаяқтық бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта ол ұсталып қамауда отыр», - делінген баспасөз хабарламасында.

Күдікті зардап шеккендердің біразы баратын фитнес-залда жұмыс істеген. Қыз-келіншектермен сол жерде танысқан ол әлгілердің қаржылай мүмкіндіктерін анықтаған.

«Барлық жағдайда ол әйелдерден ақша алу үшін өзін аянышты етіп көрсеткен. Мысалы, біреулерге қатты аурудан зардап шегетінін және қымбат тұратын ота жасату керектігін, ал екіншілеріне жол апатына түскеннен кейін емделуге ақша керек деп айтқан. Жалпы қанша залал келтірілгені белгісіз», - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Күдікті биыл сәуірден бастап осындай жолмен ақша тауып келгені анықталды. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Новости партнеров