Қасым-Жомарт Тоқаев халық әртісі Юрий Померанцевтің жақындарына көңіл айтты
Акорда
Ол бізге терең мағыналы, шынайы сезімге толы ерекше туындылардың тұтас шоғырын сыйлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық әртісі Юрий Померанцевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Еңбек Ері, халық артисі Юрий Померанцевтің қайтыс болуына байланысты оның жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Ерекше талантты актер, көрерменнің көзайымы болған тұлға Юрий Борисович қазақ театры мен киносының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ол бізге терең мағыналы, шынайы сезімге толы ерекше туындылардың тұтас шоғырын сыйлады», – делінген жеделхатта.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
24.10.2026 14:36