Жайық өзеніндегі су деңгейі көтерілді

10.05.2024 19:48

Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 метрге жуықтайтын бөгет салынған

Almaty.tv

Атырауда Жайық өзенінің су деңгейі көтеріліп, 528 сантиметрге жетті. Ал қауіпті меже – 550 сантиметр. Қазір өңірде өзге облыстардан келген күштік құрылымдар нығайту, бөгет соғу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қауіпті аймаққа деп саналған 5 ауылдық округте де жұмыс қызу жүріп жатыр. Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 метрге жуықтайтын бөгет салынған. Ал су басқан Құлсарыда 9 мың текше метр су тазаланды.

Жауапты органдар Исатай мен Махамбет ауданында су басу қаупі әлі де жоғары деп дабыл қағады. Қазір бұл аталған аудандарда Жайық өзенінің сағалары бекітіліп жатыр.

– Сумен ығып келген ағаштар кедергі келтіріп тұр. Су айдау каналдарындағы жүзбе сорғыларға жиналып қалып жатыр, – деді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Оқи отырыңыз: Су тасқынының беті қайтып, 50 467 адам үйіне оралды