Бұл міндетті орындауға «Nur Otan» партиясы филиалдарының өкілдері мен «жасотандықтар» және еріктілер тартылған
Түркістан облысында кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 25 млн теңге аударды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Түркістан облысында «Nur Otan» партиясы қолға алған «Біз біргеміз» акциясы жалғасын табуда. Корнавирусқа қарсы күресті күшейту мен көмекке аса мұқтаж тұрғындардың әл-ауқатын көтеру мақсатында ұйымдастырылған акцияға өңірдегі кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары мен меценаттар бір кісідей атсалысып жатыр.
Азаматтық пен жомарттық сынға түскен кезеңде өңірдегі белгілі кәсіпкер, меценат Рәшкүл Оcпанәлиева «Түркістан» әлеуметтік-корпоративтік даму қорына 25 млн теңге аударып, айрықша жанашырлық танытты. «Береке-А» корпорациясының басшысы бұған дейін де қайырымды істерімен танылып жүрген болатын.
«Мемлекет тарапынан індетті таратпау, елдің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында кешенді жұмыс атқарылып жатыр. Бұл қиын сәтте елдің әр азаматы қоғамға қолдан келген көмегін көрсетуі тиіс деп есептеймін. Қауіпсіздік ережелерін сақтап, сабыр сақтай білсек, бұл қиындықтан да шығамыз», – деді Кәсіпкер Рәшкүл ОСПАНӘЛИЕВА.
Аймақта күні бүгінге дейін «Біз біргеміз» акциясы аясында Түркістан облысының аудан-қалаларында 2 мыңнан астам отбасына азық-түлік, гигиеналық және медициналық заттар таратылды.
Бұл міндетті орындауға «Nur Otan» партиясы филиалдарының өкілдері мен «жасотандықтар» және еріктілер тартылған.