Мемлекеттік қызметтерді алуда бюрократия әлі де азаяр емес. Өткен жылы азаматтардан 900-ден астам арыз-шағым түскен, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау салаларына тұрғындардың көңілі толмайды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов айтты.
Оның айтуынша, қазір министрліктерде артық басшы көп. Жылы креслоға жайғасқандардың көбеюі жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік беретін көрінеді. Осыған орай агенттік 4 салада ауқымды талдау жүргізген.
Нәтижесінде министрліктердегі 70-тен аса функцияны бөлу керек екені анықталыпты.
- Бюрократияның бірінші белгісі – басқару құрылымы мен штат санының жеткіліксіздігі және артық болуы. Бұл – көбінесе мемлекеттік органдарда басшы лауазымдар санының артық болу дерегі. Ол басшы құрамға жүктемені азайтуға, басқарудың тиімділігі мен жеделдігін төмендетуге, жауапкершіліктен жалтаруға, қаржылық мүмкіндікті азайтып, қызметкерлерді ынталандыруға мүмкіндік бермейді, - дейі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов.
Оқи отырыңыз: Елімізде қандай ведомстволар бәсекелестік туралы заңға бағынбайды