Маусым айының алғашқы жартысында Түрксіб ауданындағы бірнеше үй мен ғимаратқа ыстық су берілмейді

28.05.2020 в 19:49

Уақытша өшірілу себебі су жылытатын желілерде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Алматының төменгі бөлігінде орналасқан бірнеше көшеде ыстық су уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматы жылу желілері» өкілдерінің айтуынша, маусымның алғашқы жартысында Түрксіб ауданында бірнеше үй мен ғимаратқа ыстық су берілмейді. Ал, уақытша өшірілу себебі су жылытатын желілерде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, дейді компания ақпаратында.

Сүйінбай - Щелково, Элеваторская - Щелково, 1-15 маусым аралығында;

Спартак - Р. Зорге, Сауранбаев - Ақан Сері, Нұрсай - Кустанайская, Спасская - Клара Цеткин 1-12 маусым;

Коминтерна - Монтажная, Майлин - Баймағамбетов, 1-15 маусым