Алматылықтарға пиротехниканы қауіпсіз қолдану және жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді
Жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 25 желтоқсаннан бастап қалалық полиция департаментімен бірлесіп пиротехникалық бұйымдарды рұқсатсыз сату орындарын анықтау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Алматы қаласында жыл сайын жаңа жыл мерекелерінде 10-нан 15-ке дейін өрт болады (жылжымалы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан 5 қаңтарына дейінгі аралықта), ал өрттің жалпы санының 18 пайызы пиротехникалық бұйымдарды қолдану салдарынан орын алады.
Пиротехника жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы қаласы ТЖД және ПД қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды өткізу орындары бойынша рейдтік іс-шаралар өткізуде. Пиротехникалық бұйымдарды өткізу қағидаларын бұзған 23 адамдарына әкімшілік ден қою шаралары қабылданды, ҚР заңнамасының талаптарына сай келмейтін 262 жиынтық (200 кг астам) пиротехникалық бұйымдар тәркіленді.
Алматы қаласының тұрғындарына пиротехникалық өнімдерді қолдану кезіндегі сақтық шаралары туралы ескертеміз.
- пиротехникалық өнімдерді сатып алғанда, орамының тұтастығына және оның жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз;
-14 жасқа дейінгі балаларға пиротехниканы өз бетімен қолдануға жол бермеңіз;
- пиротехниканы қолдану кезінде өнімді өзіңізден алыстау ұстаңыз;
- қауіпті аймақ радиусында (50 метр), (ағаш шоқтары, сызықтар, отшашулар бағытын өзгерте алатын электр желілері) пиротехниканы ұшыруға ешқандай кедергі жоқ екеніне көз жеткізіңіз;
- өнімді қатты желде қолданбаңыз;
- пиротехникалық өнім жарамсыз болған жағдайда, екінші қайтара іске қоспаңыз;
-ракета мен отшашуды адамдарға қарай бағыттамаңыз және аяқтарының астына лақтырмаңыз;
Шыршалар мен олардың әшекейлерін орнату кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында төмендегі ережелерді ескеру қажет:
- ағаштар орнықты негізге орнатылып, үй-жайдан шығуға тосқауыл болмауы керек;
- шыршаның бұтақтары қабырға мен төбеден кем дегенде 1 метр қашықтықта орналасуы қажет;
- трансформаторсыз электр желісін пайдаланған кезде кернеуі 12 Вольтке дейінгі шамдарды қолданыңыз. Шамдардың рұқсат етілген қуаты 25 Ваттан аспауы керек;
- егер жарықтандыру кезінде ақаулық анықталса (сымдардың қызуы немесе ұшқын шығару), онда гирляндты дереу электр желісінен ажыратыңыз;
- зақымданған немесе қорғаныш қасиеттерін жоғалтқан, өрт тудыруы мүмкін жарамсыз электр желілерін пайдаланбаңыз.