Әнші Жанар Хамитова қайтыс болды
Жанар Хамитованың өнердегі әріптесі Әбу-Кай әншінің өлімі туралы қаралы хабарды растады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оның дүниеден өткенін таңертең әріптестері жеткізді. Олар туған-туыстарына әлеуметтік желіде қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кейін ақпаратты Қарағанды облыстық полиция департаменті де растады. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Әзірге марқұмның нақты неден қайтыс болғаны белгісіз.
Айта кетейік, Жанар Хамитова елімізге танымал Super Star KZ жобасына қатысқан. Кейін Нұржан Керменбаевпен «Арнау» тобында дуэт болып ән айтқан еді. Тек кейін отбасылық жағдайына байланысты өнермен біржолата қоштасты. Дегенмен, соңғы уақытта әншілікті қайта бастаған болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00