Бұдан былай емханалар жедел жәрдемге көмектесіп, төртінші дәрежелі шақыртуларға өздері шығады. Алматыда емханаға тіркеу науқаны басталды, деп хабарлайды
Дәстүрлі шара екі айға созылады. Биыл тіркеу кезінде бірнеше өзгешілік бар. Ол Egov электронды үкімет порталы арқылы жүргізіледі. Мамандар бастысы тіркеу кезінде отбасылық принципке басымдық беріледі дейді. Яғни, ата-анасы мен балалардың бір жерге тіркелгені жөн.
«Бұл науқанның кезінде өздерінің қанағаттанбаған емханаларын ауыстырып алуға қайтадан тіркелуге толық құқықтары бар. Ал бұл тіркелген емханаларында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, алғашқы медициналық көмек ала алады. Әрбір емханада жалпы дәрігерлік, жалпы практикадағы дәрігерге 1700-ден астам үстеме болса, тіркелген кезде олар бас тарта алады», – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан ӘБІЛДАЕВ.