Қоғамдық кеңестегілердің сөзінше, бүкіл әлемде коронавирус пандемиясы мен карантин жағдайында мемлекет тарапынан бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат есебінен азаматтарды қолдау бойынша жүйелі шаралар қабылдануда
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қоғамдық кеңесі ведомство төрағасының қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын қолдануына рұқсат беру туралы ұсынысын қолдаған жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
«Евгений Сейпульниктің салымшылардың зейнетақы жинақтарын коронавирус пандемиясы кезеңінде өз мұқтаждықтары үшін пайдалану мүмкіндігі туралы бастамасы – оның жеке пікірі. 2020 жылғы 17 шілдеде өткен БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысында бұл ұсыныс талқыланған жоқ», – делінген хабарламада.
Қоғамдық кеңестегілердің сөзінше, бүкіл әлемде коронавирус пандемиясы мен карантин жағдайында мемлекет тарапынан бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат есебінен азаматтарды қолдау бойынша жүйелі шаралар қабылдануда.
«Төтенше жағдайларға байланысты мәселелер еңбек қызметі аяқталғаннан кейін зейнетке шығу үшін тағайындалған азаматтардың жеке зейнетақы жинақтары есебінен шешілмейді.
Зейнетақы жүйесі бойынша кез келген ұсыныстар азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету үшін қабылданатын шешімдердің ұзақ мерзімді салдарын, мемлекеттік шығыстарды және тұтастай экономиканы ескере отырып, есеп айырысу мен бағалауды талап етеді. Евгений Сейпульниктің ұсыныстары егжей-тегжейлі әзірленбестен және есептеулерсіз ұсынылғандықтан, БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңес онлайн-талқылау кезінде оның әлеуметтік желілердегі ұстаныын мқолдамады», – деп мәлімдеді қоғамдық кеңесте.
Еске сала кетсек, БЖЗҚ қоғамдық кеңесінің төрағасы Евгений Сейпульник зейнетақы қорының салымшыларына күрделі экономикалық жағдайға байланысты өз жинақтарының 10 пайызын алуына рұқсат беруді ұсынды.