Бірлесу-Еңбек, Қостобе, Өрнек, Ерназар, Тастөбе
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Бекболат Орынбеков Үкіметке жолдаған сауалында Жамбыл облысындағы бірқатар проблемаларды тізіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сенатордың айтуынша, мемлекеттік кепілдікпен халықаралық қаржы ұйымдарынан қаражатын тарту арқылы бірнеше қалада кәріздік тазарту ғимараттарын салу және реконструкциялау жобасы жоспарланған. Алайда техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленген бірінші реттік қалалар тізіміне 400 мыңға жуық тұрғыны бар Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласы кірмей қалған.
«Қалалық кәріз желісіне сонымен бірге сарқынды суларды ағызатын тұрғын үй құрылыстары мен өнеркәсіп кәсіпорындарының қалдықтары қосылады. Ал бұл сүзу алаңдарына шамадан тыс қысым туғызып, гидравликалық ауыртпалыққа әкеліп соғады. Осының салдарынан жер асты сулары ластанып барады. Бұл Жамбыл ауданының жақын маңдағы Бірлесу-Еңбек, Қостобе, Өрнек, Ерназар, Тастөбе атты беселді мекенінің тұрғындарын ауыз судан айырып, ауыл шаруашылығы алқаптарын батпаққа айналдырды», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков.