ҚР Қорғаныс министрі Қытайда өтіп жатқан IX Бейжің форумына қатысты

23.10.2019 19:51

Жиында екі ел арасындағы бірлескен оқу-жаттығулары, кадр дайындау және әскери-техникалық өзара іс-қимыл жұмыстары талқыланды

Азия қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын біріктіру жөніндегі жұмысты біртұтас етіп жалғастыру қажет. Еліміздің Қорғаныс министрі Қытай Халық Республикасында өтіп жатқан «Сяншань» қауіпсіздік мәселелері бойынша IX  Бейжің форумында осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ ол Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифестінде атап өтілген ғарышта, мұхиттар пен Арктикадағы бейтарап суларда қару-жарақты орналастыруға тыйым салу туралы бастамаларының маңыздылығын, жаппай жою қаруының жаңа түрлерін құру үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салу керектігін де тілге тиек етті.  Қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери саладағы екіжақты ынтымақтастық бағыттарын, бірлескен оқу-жаттығуларға қатысу, кадрларды дайындау және әскери-техникалық өзара іс-қимыл жұмыстарын талқылады.